KZ
Өскемен
+19°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Тегін автобус, 50 пайыз жеңілдік. «Алтай Альпісі» 15-16 желтоқсан

11.12.2018, 11:29 224

Тәуелсіздік күні қарсаңында «Алтай Альпісі» тау-шаңғы курортында қысқы демалыс маусымының ашылуы өтеді. Осы мақсатта қалалықтар үшін 10 тегін автобус пен арқан жолымен көтерілуге 50 пайыз жеңілдік қарастырылған. Сондай-ақ демалушыларды өзге де жеңілдіктер күтіп тұр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Бұл күндері :

- Ілмекті арқан жолдарымен көтерілу -250 теңге;

- орындығы бар арқан жолымен көтерілу 200 теңге,


Ski-pass:

- Таңертеңгі: 1500 теңге

- Күндізгі: 3000 теңге

- Кешкі-1500 теңге

- 4 сағатқа 2500 теңге

- Жалпы (күн+түн) 3500 теңге


Автобустар Спорт сарайының жанынан таңғы сағат 9.00-де жүреді. Демалушылар «Алтай Альпісі» базасының үшінші арқан жолы жанына жеткізіледі. Қалаға кері қайту осы жерден сағат 15.00 де жүзеге асырылады. Соңғы автобус сағат 18.00 де жүреді.


Шара Өскемен қаласы әкімдігі мен облыстық туризм және сыртқы байланыстар басқарамасы, «Алтай Альпісі» шаңғы кешенінің мұрындық болуымен ұйымдастырылуда.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив