KZ
Өскемен
+3°
пасмурно жел 4 м/с, З
489.36 533.45 4.99

Қылмысты көрсеткен адамға сыйақы. Полиция жаңа тәсілді талқылап жатыр

10.12.2018, 04:50 63



Қазақстанда заң бұзушылықтың орын алғанын дәлелдейтін видео немесе фото жібергендерге қолдау көрсетілуі мүмкін. Бұл туралы еліміздің бас полицейі Қалмұханбет Қасымов мәлімдеді, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.


Сенат үкіметінің отырысында министр Қалмұханбет Қасымов заң бұзушылықтарды дәлелдейтін фото және видеодеректер үшін ақша бөлу туралы ұсыныс тастады. Шынында да, бұл жаңа идея емес. Бұған дейін де қылмыс болғаны туралы хабарлаған азаматтарға мемлекет есебінен сыйақы төлеу жөнінде әрекеттер жасалды.


«Біз Канада, АҚШ, Австралия, Ирландия мемлекеттерінің тәжірибелерін зерттедік. Менің ойымша, бұл біз үшін алғашқы жылдары қиын болады. Бірақ бұл заң бұзушылық бойынша төзімділікті анықтауға сай келеді»,- дейді Қалмұханбет Қасымов.


Қазірдің өзінде полиция ғаламторды бақылап, әлеуметтік желілерде және YouTube арнасында жарияланған, сондай-ақ полицияның веб-сайтыны жіберілген барлық фотосуреттер мен видеоларды тексеруде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив