KZ
Өскемен
+16°
ясно жел 2 м/с, З
481.84 531.33 5.07

Қазақстанда маскүнемдікке салынғандардың саны көбейіп барады

25.09.2018, 05:46 187


Қазақстанда 70 мыңға жуық маскүнем тіркеуге алынған. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Министрдің айтуынша, бірқатар қылмыстардың алдын алуға бағытталған жұмыстарды жүргізу учаскелік полиция инспекторларының міндетіне жатады. Алайда соңғы уақытта қылмыстың  алдын алу жұмысында олардың рөлі төмендей түсуде. Бұл қызметтің мүмкіндіктерін әкімдер де әлі толық пайдаланбай отыр.


«Учаскелік полиция инспекторларының маскүнемдікпен, алкоголизм профилактикасы бойынша жүргізіп жатқан жұмыстарының керекті нәтижесі байқалмайды. Ауыр қылмыстардың шамамен 60-70 пайызы көбінесе тұрмыстық салада маскүнемдер тарапынан жасалады. Қазіргі уақытта 70 мыңға жуық маскүнем полиция және денсаулық сақтау орындарының бақылауында»,-  деді ол.


Оның сөзіне қарағанда, еліміздегі медициналық сауықтыру және алкоголизмнен емдеу орталықтарының саны  жетіспейді. Өткен жылы осы ұйымдарға 5 300 адам жіберілген. Соның бір мыңнан астамы емдеуден өтпеген.


«Себебі төсек-орындар жетіспейді. Учаскелік инспекторлар қолайсыз отбасылармен нақты жұмыстар жүргізбейді. Осыған байланысты бұл салада ауыр қылмыс азаймай жатыр. Әрине учаскелік инспекторлардың қызметінде кемшіліктер бар. Бірақ, шынын айтсақ олардың барлығына бірдей жұмыс жағдайы жасалмаған. Мысалы бүгінгі таңда учаскелік полиция пункттері жеткіліксіз. Қосымша 440 пункт салу керек. Ал 1500 пунктті күрделі жөндеуден өткізу қажет»,- деді Қалмұханбет Қасымов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив