Өскемендіктердің коньки тебетін күні белгілі болды
Өскемендегі мұз айдындар қашан іске қосылады? Көпшілік көкейінде жүрген сұраққа жауап іздеген едік, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
– Желтоқсан басталғалы ауа райы жақсы. Егер осылай бірқалыпты күйде жалғаса берсе, көп күттірмей мұз айдындарды ашатынымыз анық, – деді дене шынықтыр және спорт бөлімнің жетекшісі Алмас Атаев. – Шамамен, 16 желтоқсанда конькилеріңізді сайлап келе берсеңіздер болады.
«Алтай» стадионында мұз 15 қарашадан бері құйылып жатқан көрінеді. Десе де, әп-сәтте ауа райы құбылып шыға келіп, мұз еріп кете берген. Сол себепті біраз еңбек еш болыпты. «Алтайдың» жұмысы да, Алмас Атаев айтқандай, желтоқсан келгелі бері ғана түзелгенге ұқсайды. Бүгін стадиондағы мұз нығыздалып, тегістеліпті.