KZ
Өскемен
+4°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
478.93 534.96 5.16

Герасим Зыряновқа ескерткіш қойылатын болды

11.10.2018, 04:57 168



Аудан әкімі Нұржан Тоқсейтов журналистермен өткен баспасөз конференциясында қаладағы Зырянов атына берілген көше толығымен жөндеуден өтіп, оның бойына шаһардың негізін қалаушы Герасим Зыряновқа ескерткіш қойылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі Өзекті ақпараттық порталына сілтеме жасап.


Шағын қала осы кезге дейін кеншінің есімімен аталып келсе де оған бірде бір ескерткіш орнатылмаған. Герасим Зыряновтың бүгінгі күнге дейін суреті де сақталмаған екен.



Мүсін жергілікті суретші Евгений Непьяновтың 1994 жылғы салған туындысы негізінде сомдалатын болады.


Айта кетейік, жуырда аудандық мәслихат депутаттарының тұрақты комиссиясының бірауыздан қолдауымен Зырян қаласы мен ауданының атауын Алтай болып өзгерту туралы қоғам белсенділерінің ұсынысы мақұлданған болатын.



Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив