KZ
Өскемен
+8°
пасмурно жел 5 м/с, ОШ
485.11 523.82 5.02

Өскеменде оқушы қызды қағып кеткен жүргізуші 10 миллион теңге төлейтін болды

3.10.2018, 10:12 158



Өскеменде оқушы қызды қағып кеткен көлік иесі 6 емес, 10 миллион теңге моральдық өтемақы төлейтін болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Естеріңізде болса, 16 мамырда Абай даңғылы бойында №18 мектептің оқушысын көлік басып кеткен болатын. 8 жасар қыз қаза тапқан еді. Осы іске қатысты 13 тамызда болған сотта айыпкер 2,5 жылға бас бостандығынан айырылып, 6 миллион теңге көлемінде құн төлеуге міндеттелген-ді.


Бірақ жапа шегуші тарап сотқа қайыра шағым түсіріп, жазаланушының, заңда көрсетілгендей, толық 5 жыл жазасын өтеуін сұрапты.

26 қыркүйекте осыған қатысты екінші мәрте сот отырысы өтті. Онда жазагерге таңылған 2,5 жыл мерзім сол күйі қалдырылды. Бірақ ол енді 6 миллион емес, 10 миллион моральдық ақы өтейтін болды.


Қаулы 26 қыркүйектен бастап заңды күшіне енді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив