KZ
Өскемен
+22°
пасмурно жел 3 м/с, В
444.14 477.05 4.85

ШҚО әкімі Даниал Ахметов жаңа аллеяда атқарылған жұмыстармен танысты

4.11.2020, 07:08 47

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Өскеменнің 19-шы шағын ауданындағы жаңа аллеяда атқарылған жұмыстармен танысты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Бұл туралы аймақ басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

– Кезекті рет 19 шағын аудандағы жаңа аллеяда атқарылған жұмыстардың барысымен таныстым. Жобаны жалғастыру үшін Қазыбек би даңғылы жағынан ұзындығы 80 метрді құрайтын сквердің сметасын жасау тапсырылды, онда ескерткіш пен әдемі субұрқақ орналасатын болады.

Қараша айында Самар және Алматы бағыттарындағы трассаларды байланыстыратын автожолдарды реконструкциялау жұмысы аяқталады деп күтілуде. Аталған магистраль қаланың орталық бөлігіндегі көлік жүктемсін азайтып, Понтон көпірі арқылы Өскеменнің Үлбі бөлігі мен 19 шағын ауданын байланыстырмақ. 

Сонымен қатар, келесі жылы Есенберлин даңғылы Жібек жолы мен Сәтпаев көшелерінің қиылысына дейін созылады. Осылайша, облыс орталығының негізгі көлік логистикасы 2021 жылы аяқталып, толық абаттандырылады.

 

Қаланы аралау барысында "Нұрлы жол" жаңа шағын ауданындағы жаңа 16 және 12 қабатты тұрғын үйлердің құрылыс қарқынымен таныстым.

Өкінішке орай, мердігер мекеме жоспарланған 70 мың шаршы метрді мерзімінде пайдалануға бермейді деп ойлаймын. Оны осы уақыт ішінде атқарылған істің көлемінен бағалап көруге болады.

Қала әкімі Жақсылық Омарға тиісті шаралар қабылдау тапсырылды. Қала тұрғындары бұл үйлерді күтіп отыр. Олар несие арқылы жүзеге асырылады, жалға беріледі. Ал қала әкімдігі ақшаны бюджетке қайтаруы тиіс.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив