Шаһар тазалығына тұрғындардың да атсалысуын сұраймыз – қала әкімдігі
Облыс орталығының көшелерінде санитарлық тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қала әкімдігі шаhар тазалығына тұрғындардың да атсалысуын сұрайды.
Көшелерді санитарлық тазарту жұмыстарына қала әкімдігіне қарасты барлық бөлімдерде қатысады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Мәселен, "Таза Өскемен" кәсіпорны «Қызыл сызық» бойында орналасқан аумақтардың, жолдар мен тротуарлардың және жасыл желектердің тазалығына жауап береді.
- Біздің негізгі мақсатымыз - абаттандыру ережелерін сақтау және әрбір кәсіпкер өзінің іргелес аумағын таза ұстауы тиіс екенін еске салу. Сондықтан қазір барлық бизнес субъектілерін аралап, тексеріп жатырмыз, - деді Өскемен қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Гасан Тұрғанбаев.
Ал, тұрғын үй ауласын және үй маңындағы аумақтарды тұрғындар мен ПИК, МИБ немесе ЖС тазартуға міндетті.
- ШҚО қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру, жасыл желектерді қорғау ережелеріне сәйкес аула аумағын және үй маңындағы аумақты тазарту кондоминиум объектісін басқару органдарының тікелей міндеті болып табылады. Сондықтан ПИК, МИБ немесе ЖС басшыларынан аулаларды санитарлық тазалауды сұраймыз, — деп атап өтті Өскемен тұрғын үй қатынастары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Назгүл Жақыпбекова.
Оқи отырыңыз