Алдағы демалыс күндері ауа райы қалай болады?
Синоптиктер 23-25 ақпанға арналған ауа райы болжамын жария етті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
«Қазгидромет» РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
Мамандардың айтуынша, Ресейдің еуропалық бөлігінде қалың қардың түсуіне себеп болған белсенді циклон Батыс Сібірге ығысады. Осыған байланысты атмосфералық фронттар Қазақстанның батыс және солтүстік облыстарының ауа райына әсер етеді екен.
– Ал республиканың оңтүстік облыстарына Каспий оңтүстігінен фронттардың ығысуынан, жексенбі және дүйсенбі күндері жауын-шашын, тұман және көктайғақ болуы мүмкін. Қазақстанның қалған бөліктері атмосфералық қысымның жоғары болу аймағында болатындықтан, жауын-шашынның болуы екіталай, – делінген болжамда.
Мамандардың сөзіне сүйенсек, Шығыс Қазақстанда күн райы құбылмалы, жел тұрады, жауын-шашын түсуі ықтимал.