KZ
Өскемен
+21°
пасмурно жел 4 м/с, В
444.14 477.05 4.85

Өскеменде трамвай жүргізушілері жетіспей жатыр

22.02.2019, 05:23 99

Өскеменде трамвай жүргізушілері жетіспейді. Көлік компаниясының мәлімдеуінше, осы себепті №2 трамвай маршрутын тоқтатуға тура келді. Мамандар енді мәселені тегін оқыту есебінен шешуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


– Біріншіден мамандар тұрақсыз. Сондай-ақ бұл мамандықтың ерекше жеке дайындықты талап ететіндігін ескерген жөн. Сол себепті жүргізушілер жеткіліксіз. Біз жұмыспен қамту орталығымен және оқу орындарымен бірлесіп, осы мамандықты оқыту бойынша жұмыс жүргіземіз, – дейді «Өскемен Көлік Компаниясы» ЖШС директоры Тимур Сағалиев.


Компанияның мәлімдеуінше, қазір рельске күн сайын 16 вагон, сенбі күндері - 14, жексенбі күндері - 12 вагон шығады. Аталмыш мамандық оқытылған күнде, көлік компаниясында барлық түлектерді жұмыспен қамтамасыз ете ала ма? Ол жағы әлі нақтыланған жоқ.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив