ШҚО-да күн жылынған сайын, тұмау өрши түседі
Алтайдың аязы тақтан түсті. Денсаулық сақтау саласы мамандарының айтуынша, Шығыс өңірінде күн жылынған кезде, тұмау бірге өршуі мүмкін, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Шығыс Қазақстан облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының міндетін атқарушы Гүлайым Тағаеваның айтуынша, өңірде эпидемиологиялық маусым басталғалы бері тұмаудың 66 оқиғасы тіркелген. Аймақта А (Н3N2) және А (Н1N1) типті вирустардың маусымдық айналымы байқалады.
Мамандардың сөзінше, жаппай тұмаудың алдын-алу үшін халықтың кемінде 10 пайызын вакцинациялаумен қамту қажет.
– Осыған байланысты түсіндіру жұмыстарын үздіксіз жүргізудеміз. WhatsApp мессенджерінде ата-аналар чатына хабарлама жібердік. Кездесулер өткіземіз, визуалды ақпарат, буклеттер, парақшалар дайындаймыз, – дейді Г.Тағаева.
Санитарлық дәрігерлердің мәлімдеуі бойынша, ақпан айының ортасы мен соңына қарай тұмауратқандардың саны арта түседі.