KZ
Өскемен
+4°
пасмурно жел 2 м/с, В
488.26 530.54 5.03

ШҚО-да тұмаудың зертханалық дәлелденген 11 жағдайы тіркелді

28.01.2019, 03:00 244

Шығыс Қазақстан аумағында тұмаудың зертханалық дәлелденген 11 жағдайы анықталып отыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Вирус өткен жылдың желтоқсан айынан бой көтере бастаған екен. Зертханалық дәлелденген жағдайлардың барлығында тұмауға ересек адамдардың шалдыққаны анықталды.


ШҚО қоғамдық денсаулық қорғау департаменті басшысының орынбасары Гүлайым Тағаеваның айтуынша, маусымды А типті (H3N2) тұмаудың төрт жағдайы және А типті (H1N1) тұмаудың жеті жағдайы тіркелген. Соңғысы пандемиялық тұмау болып табылады.


Тұмаудың салдарынан болған өлім-жітім жағдайлары облыс аумағында тіркелмеген. Өткен жылдың дәл осы уақытпен салыстырғанда ЖРВИ-мен ауру-сырқау деңгейі 20,5 пайызға төмендепті.


Осы жылы 141 700 адам тұмауға қарсы екпе алып отыр. Оның ішінде 40 мың адам екпені ақылы түрде салдыртқан.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив