KZ
Өскемен
+25°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, Ю
443.44 480.51 4.88

ШҚО-да Елбасы бастамаларын жүзеге асыруға 1,5 трлн теңге бағытталады

28.11.2018, 09:48 70



Бұл жөнінде  Өскемендегі облыстық Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында Тұңғыш Президент күні қарсаңында өткен Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХV сессиясында айтылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Сессияның жұмысына облыс әкімі, ШҚО ҚХА төрағасы Даниал Ахметов қатысып, Елбасының тікелей бастамасымен тәуелсіздік жылдарында еліміз қол жеткізген, әлем мемлекеттері мойындаған толағай табыстарға тоқталды.


Мұнан соң Даниал Ахметов Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХV сессиясын салтанатты түрде ашып, онда «Ұлт Көшбасшысымен бірге жаңа белестерге» тақырыбында мазмұнды сараптамалық баяндама жасады. Өз сөзінде өңір басшысы бүгінгі алқалы жиынға Елбасының елімізді одан әрі жаңғырту, өмір сүру сапасын және халықтың әл-ауқатын жақсарта түсуге арналған бағдарламалық бастамалары негіз болғанын ерекше атады.


– Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында, «Президенттің бес әлеуметтік бастамасында», «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына жаңа Жолдауында, «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласында айтылған өміршең бастамалар Қазақстанды заманауи дамудың жаңа белесіне шығаратын болады. Осы маңызды төрт құжат Шығыс Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жұмысының мазмұнын, қоғамдық келісімін және өңірдегі ұлттық бірлікті нығайтудың нақты бағыттарын айқындайды. Аталған міндеттерді жүзеге асыру үшін облыста бұған 1,5 трлн. теңге бағытталатын болады. Елбасының бастамаларын іске асыру үшін өз кезегімізде барлық мүмкіндіктерді іске қосатын боламыз. Сіздер мен біздер бірлесе атқаратын бұл жұмыстар алда да жалғасын табады, - деді Даниял Ахметов.


Облыс басшысы жиын барысында Тәуелсіз Қазақстанның осы уақытқа дейінгі қол жеткізген тарихи жетістіктерін және ондағы әлем мойындаған саясаткер тұлға Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қайраткерлік тұлғасына жете тоқталды. Әсіресе, тұңғыш Конституцияның қабылдануы, Президент сайлауы, шекараның шегенделуі, ұлттық теңгенің қолданысқа енгізілуі, Астананың ауысуы және ең маңызды тарихи шешім – Семей полигонының жабылуы сынды маңызды оқиғаларды нақты мысалдармен әңгімелеп берді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының мәні мен маңызына, сол бойынша өңірде атқарылған шаруаларға тоқталды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив