KZ
Өскемен
+13°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, В
444.14 477.05 4.85

Өскемендегі сенбілік жәрмеңкенің өтетін орны өзгерді

21.02.2019, 10:43 53

Осы уақытқа дейін Өскемендегі Металлургтер мәденеиет сарайының алдында дәстүрлі түрде жәрмеңке өтіп келген. Бірақ алдағы сенбіде қала тұрғындары «Береке» базарына баруы тиіс, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Аталмыш жәрмеңкенің өтетін орны өзгерді. Арзан азық-түлік аламын деген қала тұрғындары алдағы сенбі күні Тәуелсіздік даңғылы, 92 мекен-жайына баруы тиіс. Бұл – көпшілікке белгілі, «Береке» деп аталатын толайым сауда базары. Металлургтер мәдениет сарайынан алыс емес, небары – екі автобус аялдамасы. № 1, 7, 12, 19, 39, 43, 71, 351 автобустар адастырмай апарады. Сондай-ақ №3 трамвайда да қатынайды ол жаққа.


Тойбазарға 8.00-ден бастап келе беруге болады.


Естеріңізге сала кетейік, сол күні Fresh Market сауда орталығының жанында ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив