KZ
Өскемен
+1°
небольшая облачность жел 2 м/с, ОШ
443.35 475.54 4.82

ШҚО-да он арендалық тұрғын үй пайдалануға беріледі

16.02.2019, 11:34 38

Жалпы Шығыс Қазақстан бойынша 2019 жылы 582 әлеуметтік осал отбасылары баспанамен қамтамасыз етіледі, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Бұл туралы аймақ басшысы Даниал Ахметов «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының ХХІІ конференциясында мәлім етті.


Қазір облыста 87 көппәтерлі үйдің құрылысы жүргізілуде. Ағымдағы жылы 10 арендалық тұрғын үй пайдалануға берілмек. Екі үй Өскемен қаласында берілсе, үш үй – Семейде, қалған бесеуі – облыстың басқа аудандарында. Осы мақсаттарға облыстық бюджеттен 2,7 миллиард теңге бөлініп отыр.


Сондай-ақ, бүгінгі таңда Өскемен, Семей, Аягөз, Бородулиха аудандарында жеке құрылыстарға арналған жер телімдеріне инженерлік коммуникациялар тартылып жатыр екен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив