Қазақстанда бала күтіміне берілетін жәрдемақының көлемі өсуі мүмкін
Қаржы министрі Әлихан Смаилов көпбалалы отбасыларды қолдау шараларын жақсартумен айналысатын жұмыс тобының қарайтын бірқатар ұсыныстары жайлы айтты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі «ҚазАқпарат» ХАА сайтына сілтеме жасап.
Атап айтқанда, ұсыныстардың бірі бала күтімі үшін берілетін жәрдемақының төлеу мерзімін ұлғайтуға қатысты болмақ.
-Бұл мәселелер қазір жұмыс тобымен қаралып жатыр. Бірінші кезекте, жәрдемақы төлеу мерзімін ұзарту, сондай-ақ, жәрдемақының көлемін өсіру бойынша сұрақтар қаралып, тиісті ұсыныстар енгізіледі, - деді Әлихан Смаилов.
Қаржы министрі әзірге нақты сандық мәліметтерді атамады. Себебі, ұсыныстар әлі де талқыланады екен.
Сондай-ақ, министрдің айтуынша, қазіргі таңда қосымша арендалық баспана құрылысы да қарастырылып жатыр екен. Бұл баспаналар кезекте тұрған көпбалалы отбасыларына берілетін болады.