KZ
Өскемен
+20°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, Ю
443.37 474.49 4.83

Бір баласы бар аналарға да 21 мың теңге жәрдемақы төленеді

15.03.2019, 10:20 151

 

Қазақстанда биыл мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері өзгереді. Осы орайда аз қамтылған отбасылардың кірісін тексеру кезінде жәрдемақының төрт түрі есептелмеуі мүмкін екен, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі Sputnікnews сайтына сілтеме жасап.

 

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Светалана Жақыпова мәлімдеді.

 

Елбасының тапсырмасына сәйкес, қазір осы мәселе жан-жақты қаралуда. Болашақта жәрдемақының төрт түрі есептелмеуі мүмкін – көпбалалы отбасыларға арналған, "Алтын алқа",  "Күміс алқа" иегерлеріне берілетін жәрдемақы және мүгедек балаларға қарастырылған төлем.

 

Айта кетсек, сәуір айынын бастап аз қамтылған, тұрмысы төмен отбасыларға төленетін жәрдемақы үшін бюджеттен 94 миллион теңге бөлінбек. Бұл жәрдемақыны тек күнкөрісі аса қиын отбасылар ғана ала алады. Ал жұмысқа қабілетті азаматтар ұсынылған жұмыстан бас тартатын болса, әлеуметтік көмектен де қағылады екен.

 

Сондай-ақ, 4 баласы бар жалғыз басты аналардың балалары 20 789 теңгеден алады. Оның өзіне де бала күтімі үшін 20 789 теңге беріледі. Одан бөлек, бір ғана баласы бар жалғызбасты аналарға да осы жүйемен жәрдемақы төленбек: баласы екеуіне 20 789 теңгеден.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив