Ғалымдар: Жәндіктер жер бетінен жойылып бара жатыр
Ғалымдар жәндіктердің жер бетінен жойылып бара жатқанын мәлімдеді, хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Сидней университетінің зерттеуіне сәйкес, жәндіктер түрлерінің 41% - ы құлдырауда, ал олардың жалпы саны жыл сайын 2,5% - ға азаятын көрінеді.
Қазіргі уақытта жәндіктер отрядының 68%-ы, көбелек түрлерінің 53%-ы, қоңыз түрлерінің 49% -ы, ара түрлерінің 46% -ы және стрекоз түрлерінің 37% - ы жойылып кеткен. Ғалымдардың айтуынша, мұндай қарқынмен ғаламшардағы жәндіктердің 10 жылдан кейін төрттен бір бөлігі, 50 жылдан кейін тең жартысы азайып және таяудағы жүз жылда жер бетінен мүлдем жоғалуы мүмкін.
Жәндіктердің жоғалуы көбінесе ауыл шаруашылығының дамуымен байланысты. Сондай-ақ климаттық өзгерістер, қалалардың өсуі, тіршілік ету ортасының бұзылуы, инвазивті түрлері бар аурулардың көбеюі сияқты факторлар да бар.
Айта кетейік, жәндіктердің азаюы экологиялық апатқа әкеп соғады.