KZ
Өскемен
+25°
переменная облачность жел 2 м/с, З
439.43 473.31 4.82

Қызыл кітапты жаңарту қажет

18.01.2019, 11:17 486


Әлемнің Қызыл кітабын жаңарту қажет, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Бұл туралы Неймеген Университеті мәлімдейді.


Олардың айтуынша, Қызыл кітапқа енген 90 мың түр бойынша мәліметтерді өңдеу оңайға соқпайды екен. Соның салдарынан Қызыл кітаптағы ақпарат ескірген немесе шындыққа жанаспайтын болып шығатын көрінеді. Нәтижесінде қандай да бір жануар түрінің азайып бара жатқанын мамандар анықтай алмай қалуда.


Мысалы, қазіргі уақытта Қызыл кітапқа жойылып бара жатқан жануарлардың 600-ден астам түрі кіргізілмеген. Ал тікелей жойылу қауіпі 5 мыңнан астам өсімдіктер пен жануарлар түріне төніп тұр. Бұл көрсеткіш жылдан жылға артып келеді.


Сондықтан голландиялық ғалымдар жануарларды есепке алу кезінде экологтарға заманауи әдіс-тәсілдерді пайдалануға кеңес беріп отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив