Бесқарағайдағы 81 үйге су басу қаупі төніп тұр
Көктемдегі су тасқыны, автовокзалдың жоқтығы жәнеде тұрғын үй мәселесі. Бұл бесқарағайлықтардың базынасына айналған негізгі сұрақтар. Күрмеулі тақырыптар аудан әкімінің дәстүрлі халық алдындағы есебінде көтерілді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бесқарағай тоғыз жолдың торабында орналасқан ауылдың бірі. Семей-Астана бағытындағы күре жолдың бойымен күнделікті оннан астам қалааралық қоғамдық автобустар қатынап жүр. Әйтсе де солардың бірде-бірі аудан орталығына аялдамайды екен. Себебі жалғыз. Мұнда барлық талаптарға жауап беретін автовокзал жоқты қасы. Замануи кемпинг туралы айтудың өзі артық. Ауыл халқы осы мәселе реттелсе екен деген тілектерін білдірді. Бірақта негізгі толғандырған сұрақ басқада.
Көктем басталысымен ауыл іргесіндегі Куликов көлшігі маңдағы тұрғын үй секторына қауіп төндіретін көрінеді. Үш жыл қатарынан маза бермей келе жатқан жер асты суы 81 баспананы басып қалуы ықтимал. 2017 жылдың көктемінде тәукел аймағынан 4 отбасы көшірілді. Өткен жылдың желтоқсанында тағы бір жанұяны көшіруге тура келген.
- Аудан тұрғындары билет сатып алып, автобустарды жылы вокзалда күтіп отыруды қалайды. Себебі Семейге жеке тасымалдаушылардың қызметімен жетуге мүмкіндік бар. Алайда Өскемен, Павлодар және Астанаға тікелей қатынаудың жолдары қарастырылмаған. Екінші мәселе тіптен өзекті. Жылда көктем сайын бесқарағайлықтар жер асты суларының кесірінен түн ұйқысын төрт бөлуге мәжбүр. Қазір тұрғындар көктемді алаңдаушылықпен күтіп отыр. Аудан әкімінің қатысуымен бірнеше кездесулер өтті. Халық, баспаналарын сыз басып құлаудың аз-ақ алдына тұрғандарын айтады. Сонымен қатар қора-қопсыға су жайылғандықтан, малды қайда ұстайтындарын білмей дал. Қызыл судың зардабы отбасы мүшелерінің денсаулықтарынада әсер етіп келеді. Аудан әкімі және төтенше жағдайлар қызметі тиісті дәрежеде жұмыстарын атқару үстінде. Әйтсе де апапт айтып келмейді. Табиғаттың тосын мінезін жіті білу өте қиын. Сондықтан бұдан шығудың жолы ретінде - тұрғын үй құрылысы күшейту керек деп есептейміз. Соңғы бес жылда аудандағы тұрғын үй құрылысының көрсеткіші тек жеке салушылардың есебінен нығайып жатыр. Осыған орай аудан әкімі тұрғындарға дайын жобалық-сметалық құжаттаманы ұсынып келеді. Соған сәйкес 2 бөлмелі он тұрғын үй және шағын отбасылық 50 орынға арналған жатақхананың құрылысын бастау ұсынылды. Құрметті Даниал Кенжетайұлы, осы жобаларды жүзеге асыру үшін өзіңіздің қолдауыңызды сұраймыз, - деп аймақ басшысына бесқарағайлықтардың өтінішін жеткізді аудандық Достық үйінің директоры Мейрамгүл Абылғазинова.
Жергілікті халықтың проблемаларына қаныққан облыс басшысы, аталмыш сұрақтарды реттеудің механизмі жоқ емес екенін айтты. Бұған өңір билігі тиісті қаражатты аударуғада әзір болып шықты.
- Біз қаржы бөлуге дайынбыз. Бірақта жоба болуы керек емес пе? Біріншіден аудан әкімі, жергілікті қоғам белсенділері арнайы жоба дайындаңыздар. Осыны реттесеңіздер қаражатта болады. Екінші мәселе үй құрылысы. Мен құрылысы саласы жанданса керісінше қуанамын. Оған не керек? Міне Семей қаласын алып қарайық. Жаңа шағын аудан бой көтеруде. Оларда түрлі жобалар бар. Жатақхананы тұрғызуға қарсылығым жоқ. Тек жобалық-сметалық құжаттамасы дайын болғаны абзал. Бұған 250 млн. қаражат бөлейік. Ал енді автовокзалдың мәселесіне тоқталсақ, ол бір кәсіпкердің кепілдігінде жатыр. Оған көп болса 5 млн. теңге сома қажет шығар. Бұл қаржыны аудан таба алады деген ойдамын. Абаттандыру жұмысына қосымша 80 млн. теңге бөлінетін болады, - деген өңір басшысы Даниал Ахметовтің сөзі, бесқарағайлықтардың көңіліне сенім ұялатқандай.
Тұтастай алғанда, биылғы жылы Бесқарағай өлкесінің әлеуметтік-экономикалық дамуына 500 млн. теңгедей инвестиция салу жоспарланған.