KZ
Өскемен
пасмурно жел 2 м/с, З
494.87 520.65 4.91

ШҚО-да 500-ден астам үйге су басу қауіпі төніп тұр

22.02.2020, 06:17 307

Шемонаиха ауданында 500-ден астам үйге су басу қауіпі төніп тұр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Алдағы көктем мезгілі Шемонаиха тұрғындарын қатты алаңдатады. Ауданда биыл қар қалың түскен. Кей жерлерде нормадан 50 пайызға көп. Қардың қалыңдығы 90 сантиметрден жоғары екен.

ШҚО ТЖД ақпараты бойынша, Шемонаиха ауданының аумағында қар мөлшері орташа көп жылдық нормадан 20-50%-ға жоғары.

Су басу қауіпі 7 елді мекендегі 504 үйге төніп тұр. Мұнда 1165 адам тұрып жатыр.

Қазір су тасқынының алдын алу бойынша шаралар белсенді түрде атқарылуда. 12 мың текше метрден астам қар шығарылған. Ыдыс-қаптар, 200 тонна инертті материалдар мен жанар-жағармай қоры әзірленіп қойды.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу