KZ
Өскемен
+26°
небольшая облачность жел 2 м/с, С
450.79 482.21 5.05

"Олар көп емес. Ары кетсе, 30-40 бар шығар". Қар барыстарының өмір сүру циклі зерттеледі

12.02.2019, 05:22 206

Табиғат қорғаушылары Іле Алатауындағы қар барыстарын түсіретін фототұзақтарды ұрламауға кеңес берді. Бұл туралы Алматы қалалық мәслихат депутаты Ержан Еркінбаев Инстаграмдағы парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


«Бүгін қар барысын қорғау қоры мен зоология институты жүргізген мониторингтің алғашқы нәтижесі жарияланды. #snowleopardfoundation @snowleopard_kz! Барыс келіп суретке түсіп кетті! Мүмкіндігінше фототұзақтарды көбейтсек, қызыл кітапқа енген жануардың неге азайып кеткенін анықтай аламыз! Одан бөлек обьективке заңсыз аңшылық жасау деректері, браконьерлердің түрлері, көлік нөмірлері түсіп қалуы мүмкін. Аса қорғаудағы табиғат аясындағы жануарларды өлтірмеңіздер, күшіктерін ерткен аналықтарды қырмаңыздар, түн ішінде фар қолданбаңыздар. Аңды азық болатын көлемнен асыра өлтірмеңіздер. Фототұзақтарды да ұрламаңыздар, себебі ол сервер арқылы сіздің суретіңізді орталыққа жіберіп үлгеруі мүмкін. Бұл жағдайда жаза қатаң болмақ», - деді Ержан Еркінбаев.


Оның айтуынша, жазға дейін Зоология институты мен Қар барысын қорғау қоры бірігіп үлкен жұмыс атқармақ. Олар жазға дейін әр шатқалды аралап, барыстардың өмір сүру циклін зерттеп, генетикалық талдау жүргізуді жоспарлап отыр.


«Олар көп емес. Ары кетсе, 30-40 бар шығар. Олардың әрқайсысын түрлі қауіптен қорғауға болады»,  - деді Е.Еркінбаев.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив