KZ
Өскемен
+3°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, З
484.11 528.79 5.03

Елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы заң күшіне енді

Фото: depositphotos.com

17.06.2024, 10:25 140 Анель Слямғазықызы

16 маусымда "Әйелдер құқықтары мен балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы" Заң күшіне енді. Мемлекет басшысы әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған заңдарға 15 сәуірде қол қойған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Жаңа заңға сәйкес, денсаулыққа жеңіл зардап келтіргендер бұрын 55 мың теңге айыппұл төлесе немесе 15 тәулікке қамалса, енді 738 мың теңге айыпппұл төлейді не болмаса 50 тәулікке қамалады.

Жеңіл дене жарақатын салғандарға да жаза қатаңдатылды. Айыппұл мөлшері 36 мың теңгеден 295 мың теңгеге өсті. Ал қамауға алу мерзімі 10 тәуліктен 25 тәулікке ұзарды.

Сондай-ақ 15 маусымнан бастап зорлық-зомбылыққа қарсы арнайы құрылым өз жұмысын бастайды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив