KZ
Өскемен
+5°
пасмурно жел 3 м/с, СБ
478.54 533.76 5.17

Асу Алмабаев Лас-Вегаста жеңіске жетті

instagram/asu_zulfikar57

16.06.2024, 22:00 121 Назерке Каримова

Қазақстандық спортшы Асу Алмабаев АҚШ-тың Невада штатында аралас жекпе-жектен өткен UFC on ESPN 58 турниріне қатысты.

Ол америкалық Хосе Джонсонмен (16-8) жекпе-жекке шықты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Sports.kz ақпаратына сүйеніп.

Асу UFC турнирінде алғаш рет өнер көрсетті. Сол үшін де бұл кездесудің Қазақстан үшін тарихи маңызы зор еді.

Ең жеңіл салмақтағы кездесудің үш раунды да төрешілердің бірауыздан шешімімен Алмабаевтың пайдасына шешілді.

Осылайша, Асу Алмабаев кәсіби мансабында 20-шы жеңісіне қол жеткізді. Ал Хосе Джонсон осымен 9 рет жеңілді. Спортшылардың UFC-дегі жетістіктеріне келетін болсақ, Алмабаевта 3-0, Джонсонда – 1-2.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив