Астана мен Сеул арасында тікелей әуе қатынасы қайтадан жанданды
t.me/PR_AirAstana
Қазақстан мен Оңтүстік Корея астаналары арасында қайтадан тікелей әуе қатынасы жанданады.
Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі тұрақты негізде рейстер санын одан әрі ұлғайту және Қазақстаннан ұшу географиясын кеңейту бойынша жұмысты жалғастыруда, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Жақында Корея Республикасының Президенті Юн Сок Ёльдің Қазақстан Республикасына ресми сапары барысында екі елдің мемлекет басшылары екіжақты ынтымақтастықты нығайту мақсатында екі елдің астаналары – Астана мен Сеул арасында тікелей әуе қатынасын қайта бастаудың маңыздылығын атап өтті.
– Астана-Сеул бағыты бойынша "Эйр Астана" әуе компаниясы аптасына 2 рет (сәрсенбі және сенбі күндері) "Эйрбас-А321" үлгісіндегі әуе кемелерімен ұшады, – деп хабарлады ҚР Көлік министрлігі.
Оқи отырыңыз