Өскеменде есірткі зертханасы жойылды
Фото: rybnoe.net
Өскемен қаласында синтетикалық есірткі өндірумен айналысқан зертхананың жолы кесілді.
Мамыр айында жиһаз бизнесінің атын жамылып, синтетикалық есірткі өндірісін жолға қойған жергілікті тұрғын ұсталды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.
Қойманы жалға алған тұрғын жабдықтар мен химиялық заттар әкелген. Ұстау кезінде 1,5 кг жуық дайын есірткі, бір жарым тонна прекурсор, сондай-ақ зертханалық және буып-түюге арналған жабдықтар тәркіленді.
Рудный қаласында жалдамалы үйдің моншасын зертхана етіп жабдықтаған екі адам ұсталды.
300 грамнан асатын дайын есірткі, химиялық заттар, қорғаныш костюмдер және жабдықтар тәркіленді. Олардың көлігінен сатуға дайын есірткі табылды.
Алматы облысында мефедрон өндірісімен айналысқан тағы екі күдікті ұсталды.
Өндірістің соңғы сатысындағы есірткі, прекурсорлар және жабдықтар тәркіленді.
Тергеу кезінде ұсталғандар есірткі жасырылған он жерді көрсетіп, жалпы салмағы шамамен 3 кг асатын есірткі анықталды.