KZ
Өскемен
+4°
пасмурно жел 1 м/с, С
478.16 534.92 5.18

Құнанбай Өскенбайұлының 220 жылдық мерейтойын атап өтті

Абай облысы әкімдігінен
Абай облысы әкімдігінен
16.06.2024, 12:00 148 Назерке Каримова

Биыл үш жүзге аты мәлім болған, ұлы Абайдың әкесі, қажы, «Дала данышпаны» атанған қайраткер, аға сұлтан Құнанбай Өскенбайұлының туғанына 220 жыл.

Мерейтойға орай Абай жұртшылығының бастамасымен, іскер азаматтар қаржылық қолдау жасап, Қарауылда Құнанбай қажы мешіті салынып, сәулетті ескерткіш тұрғызылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Абай облысы әкімдігі ақпаратына сүйеніп.

Абай елінде Құнанбай баба рухына ас беріліп, республикалық қөлөнершілер байқауы, ат бәйгесі мен ұлттық күрестен дүбірлі сайыстар ұйымдастырылды. Қарауылда ақындар Құнанбайына арналған өлең-жырларын оқыса, көрнекті тарихшылар мен әдебиетшілер Семейде бас қосып, халықаралық деңгейде Құнанбайды барынша ұлықтады.

 – Бұл тойдың ерекшелігі – 500 баланың бір уақытта ашамайға отырып, жеңімпаздарға жүлде қорлары қазақы дәстүрмен «үйірімен үш тоғыз» болып берілуінде. Ендеше, осынау мерейлі күні қасиетті Абай елінде ұлылар рухына тағзым етіп, дала данышпаны Құнанбай бабаға құрмет пен қошемет көрсету – баршамыздың адамшылық борышымыз деп білеміз, - деді Абай облысы әкімінің орынбасары Әділбек Мұсабаев.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив