KZ
Өскемен
+11°
пасмурно жел 1,6 м/с, В
479.05 534.57 5.17

Келісімшартсыз жұмыс істеу құлдықпен пара-пар

7.02.2019, 03:37 167

Облыста еңбек шартынсыз жұмыс істеп жүрген жандар аз емес. Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бақытбек Қизатовтың айтуынша, өткен жылы еңбек дауларына қатысты 2500 мәселе қаралса, оның 1800-і жалақыға қатысты түскен арыздар. Ал осы 1800 шағым иесінің 30 пайызы жұмыс берушімен еңбек шартын жасаспаған.


- Көп жағдайда жұмысшы келісімшарттың бір данасын алмаған болып шығады. Кейін беремін деген сылтаумен жұмыс берушілер де оның бір данасын табыстамай, қажетінше өзгерістер енгізген жағдайлар өте көп кездеседі. Алайда жұмысшының қолында тағы бір данасы болмаған соң, оны дәлелдеу қиын. Сондықтан шарттың бір данасын міндетті түрде талап етіңіздер,-дейді басқарма басшысы

Сондай-ақ, жалақыны ауызша келісіп бекітетін жұмыс берушілер де көп. Бұл әсіресе сауда саласында жиі кездесетін жағдай.


- Мысалы, салықтан жалтарған жұмыс берушілер жұмысшыны шартта ең төменгі жалақыны көрсетуге көндіреді де, есеп айырысқанда, ауызша келісілген соманы төлейді. Бұл – көбіне сауда саласында кездесетін жағдай. Өткен жылы ең төменгі жалақы 28 284 теңге болатын. Ал енді екі тарап арасында еңбек даулары туындағанда, жұмыс беруші оған төленетін өтемақылардың барлығын шартта көрсетілген осы сома негізінде төлейді. Бұл арада ұтылатын – тағы да жұмысшы. Зейнетақы мен салық аударымдары да осы 28 мыңнан жасалатындықтан, ертеңгі күні несие алғанда да төлеу қабілеттілігін дәлелдей алмайды. Сондықтан жалақыны ауызша келісу арқылы жұмысшы өз құқығына өзі шектеу қоятындығын ескергені жөн,-дейді Бақытбек Құрманбекұлы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив