KZ
Өскемен
+12°
ясно жел 1,8 м/с, ОШ
479.05 534.57 5.17

Келісімшартсыз жұмысқа тұрған адамды ешкім қорғай алмайды

3.10.2018, 05:15 150

Елімізде бір миллионнан астам адам келісімшартсыз еңбек етуде, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі облыстық Еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бақытбек Қизатовқа сілтеме жасап.


"Мұндай жандардың құқығын қорғау да қиын, сондай-ақ, олар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінен де шет қалып қояды" деді облыстық Еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бақытбек Қизатов тұрғындармен өткен тікелей эфир барысында.


– Еңбек келісімшарты – қызметкер мен жұмыс беруші арасында жасалған шарт. Екеуара міндеттері мен құқықтарын айқындайды. Ол міндетті түрде жасалуы керек және бір данасы қызметкердің қолында болуы тиіс. Бұл – екі тарап арасындағы келісімнің дәлелі. Ертең жұмыс беруші өз міндетін орындамаса, осы келісімшартты негізге ала отырып, әр тарап өз құқығын қорғайды,-дейді ол.


Басқарма басшысының айтуынша, жұмысқа тек қана еңбек шартына қол қойылғаннан кейін кірісу керек. Егер де жұмысқа орналасқаннан кейін еңбек шарты жасалмаса, ондай адамның еңбек құқы бұзылғаны туралы ешқандай мемлекеттік орган не болмаса сот растап, қорғап қала алмайды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив