KZ
Өскемен
-6°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
495.95 524.37 4.98

Өскемендегі жер асты жаяу жүргіншілер өткелі жөнделеді

6.02.2019, 10:34 176

Өскемендегі «45-ші гастроном» аялдамаларының арасын жалғап тұрған жер асты жаяу жүргіншілер өткеліне жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Өткел соңғы рет алты жыл бұрын жөндеуден өткен, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


2013 жылдан бері тұрғындар өткел сапасына қатысты аз шағым айтқан жоқ. Бірде жер асты суларын соратын сорғы істен шықты, бірде плиталар сынды. Тұрғындар қазіргі уақытта төбеден су ағатынын айтып, шағымдануда. Сондай-ақ жуықта ғана осы өткелде өрт шыққан болатын. Қара күйе болған гранит плиталардың жанынан күніге жүз кісі өтіп жүр.


– 2019 жылы жер асты жаяу жүргіншілер өткелін жөндеу жоспарланды, – деп мәлімдеді қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Еркін Тұраров.





 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу