ШҚО-ның ауылында табиғи шырын өндіріледі
Тұрғысын ауылында табиғи шырынның түр-түрі өндіріледі. Ал бұл жас кәсіпкерАлексей Кузнецовтың бастамасымен қолға алынған, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
-Өткен жылы «Zhas project» жастар корпусын дамыту жобасына қатыстым. Маған мемлекет тарапынан қайтарымсыз қаражат берілді. Ал мен оны жеке кәсіп ашуға жұмсадым, - дейді жас кәсіпкер.
Бүгінде Тұрғысын ауылының балалары тек алма, алмұрт пен асқабақтан өндірілген табиғи шырындарды ғана тұтынады. Осылайша жерлестерін сапалы өніммен қамтамасыз етіп отырған Алексей Кузнецов алдағы уақытта кәсібін кеңейтуді жоспарлап отыр.
-Былтыр өндірілген барлық шырынды есту және сөйлеу қабілеті нашарбалаларға арналған мектеп-интернатының тәрбиенушілеріне бердім. Өйткені жобаның басты мақсаты да осы, - дейді ол.