KZ
Өскемен
+12°
пасмурно жел 5 м/с, В
480.55 533.75 5.36

Ауа райы енді қашан жылынады?

28.01.2019, 11:39 98

Болжам бойынша оңтүстік циклон аязды ығыстырып жібереді екен. 29-31 қаңтар аралығында сықырлаған аяз біршама әлсірейді деп күтілуде. Алайда осы үш күн ішінде ауа райындағы өзгеріс аса сезіле қоймайды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Қазгидрометтің мәлімдеуінше, ауа температурасы айтарлықтай суытып, тез арада қайта жылып, ауысып отырады екен. Алдағы тәулік ішінде 35-градустық аяз шығысқа қарай ығысып, оңтүстік циклон бері жылжи бастайды.


Осы кезде еліміздің оңтүстік-шығысында жаңбыр аралас қар жауып, көктайғақ пен тұман болуы мүмкін. Солтүстікте, шығыста және орталықта қар жауады, боран мен қатты жел соғады, сондай-ақ, ауа температурасы жоғарылайды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив