KZ
Өскемен
-6°
пасмурно жел 2 м/с, В
495.95 524.37 4.98

ШҚО-дағы ономастикалық комиссияның жұмысы тоқтатылды

28.01.2019, 08:58 60

Облыстық Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының мәліметінше, бұған себеп – күзде өтетін халық санағы, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Әкімдіктерге шатаспау үшін көшелер мен елді мекен атауларын ауыстыруды тоқтата тұру тапсырылды.


– Келіп түскен өтініштер көп. Бірақ барлығы бірдей тиісті үлгіде рәсімделмеген. Сондықтан олар қабылданбайды. Одан кейін атауларды өзгертуге қатысты шешімді басқарма қабылдамайды. Қалай болғанда да, бұл жұмыс биыл жүргізілмейді, – деді басқармадағылар.


Дегенмен талқылаудан өткен ұсыныстар әлі де қарастырылатын болады. Айталық, өткен күзде қалалық мәслихат депутаттары бірауыздан қолдау білдірген Өскемендегі бірнеше көше аттары өзгеруі мүмкін. Олар: Орджоникидзе (Нұрмағанбетов), Киров (Чехов), Дзержинский (Қашаубаев) және т.б

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу