KZ
Өскемен
+22°
переменная облачность жел 1 м/с, С
443.72 482.28 4.9

Бүгін Қанат Ислам мен Қалқаман Сарин өскемендіктермен кездеседі

28.01.2019, 04:10 219

Қанат Ислам мен Қалқаман Сарин Өскемендегі №3 мектеп-лицейінің оқушыларымен кездеседі, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Елімізге танымал азаматтар Шығыстың бас шаһарына «Тәуелсіздік ұрпақтары» атты жастар акциясының аясында келіп отыр. Көрнекті ақын мен кәсіпқой бокстың шебері сағат 16.00-де Шоқан Уалиханов атындағы №3 мектеп-лицейінің оқушыларымен жүздесіп, сұхбат құрады.


Сондай-ақ аталмыш акцияның тағы бір қонағы – «MadeinKZ» тобы сағат 16.00-18.00 аралығында №1 музыкалық мекептің шәкірттерімен кездесу өткізеді.


Айта кетейік, ақын Қалқаман Сариннің өскемендік өрендермен тағы бір жүздесуі бар. Ол сағат 11.30-12.50 аралығында З.Ахметов атындағы №16 мектепте болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив