KZ
Өскемен
+4°
туман жел 2 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Даниал Ахметов Өскеменге Қабанбай есімін беру туралы ұсынысқа жауап берді

25.01.2019, 12:01 204

Облыс әкімі Даниал Ахметов әлеуметтік желілерде талқыланып жатқан Өскеменге Қабанбай есімін беру туралы ұсынысқа нақты жауап берді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


- Әлеуметтік желілердегі соңғы сағаттардағы талдаулар көрсеткендей, бұл тақырып қызу талқыға түсті. Соған байланысты қысқа ғана айтарым, ешкім де Өскемен қаласының атауын ауыстыруды карастырмайды. Нақты жауап осы, - деді Даниал Ахметов.


Еске сала кетейік, Өскеменге Қаракерей Қабанбай батырдың есімін беру туралы  Семей аймақтық «Ақ жол» партиясының  төрағасы Рахат Алтай білдірген болатын.


"Құрметті Даниал Кенжетайұлы! Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және де «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы Қазақ елінің ұлттық Санасының оянуына үлкен әсер еткендігін білесіз. Қазақ ұлты тегін танып, тарихын білуге құлшыныс білдіруде. Ғасырлар бойы Ресей патшалығы мен Кеңестер Одағының жүргізген отаршылдық саясатының әсерінен көптеген елдімекендер мен қалалардың атаулары Қазақ ұлтына қатысы жоқ есімдермен аталып келді. Облыс орталығы Усть-Каменогорск қаласының атауында заман талабына сай Рухани жаңғыруымыз үшін ұлтымызға тән атпен өзгерту қажет – деп ойлаймын.


Менің ұсынысым Усть-Каменогорск қаласы Қабанбай батыр қаласы деп заңды түрде өзгерсе. Батыр бабамыздың ескерткіші бұл қаланың қақпасына орнатылғаннан бері қала тұрғындары Қабанбай батырдың кім болғанын толық танып білді. Шығыс өңірін Жоңғар басқыншыларынан азат еткен батыр бабамызға қала атын беруге ешкімде қарсылық білдірмейтіндігіне кәміл сенемін» делінген аталған ұсыныста.И

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив