KZ
Өскемен
+5°
пасмурно жел 2 м/с, СШ
478.93 534.96 5.16

Өскеменді Қабанбай қаласы деп атау туралы ұсыныс түсті

25.01.2019, 03:47 198

Облыс орталығын қазақ елін көзі жұмылғанша Жоңғар басқыншыларынан қорғап өткен Қаракерей Қабанбай батырдың есімімен атау туралы ұсынысты Семей аймақтық «Ақ жол» партиясының төрағасы Рахат Алтай білдірді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


«Құрметті Даниал Кенжетайұлы! Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және де «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы Қазақ елінің ұлттық Санасының оянуына үлкен әсер еткендігін білесіз. Қазақ ұлты тегін танып, тарихын білуге құлшыныс білдіруде. Ғасырлар бойы Ресей патшалығы мен Кеңестер Одағының жүргізген отаршылдық саясатының әсерінен көптеген елдімекендер мен қалалардың атаулары Қазақ ұлтына қатысы жоқ есімдермен аталып келді. Облыс орталығы Усть-Каменогорск қаласының атауында заман талабына сай Рухани жаңғыруымыз үшін ұлтымызға тән атпен өзгерту қажет – деп ойлаймын.

Менің ұсынысым Усть-Каменогорск қаласы Қабанбай батыр қаласы деп заңды түрде өзгерсе. Батыр бабамыздың ескерткіші бұл қаланың қақпасына орнатылғаннан бері қала тұрғындары Қабанбай батырдың кім болғанын толық танып білді. Шығыс өңірін Жоңғар басқыншыларынан азат еткен батыр бабамызға қала атын беруге ешкімде қарсылық білдірмейтіндігіне кәміл сенемін» делінген аталған ұсыныста.


Атап өтерлігі, қазір бұл ұсыныс әлеуметтік желілерде жылдам таралып, қызу талқылануда.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив