ШҚО. Көш соңында қалған аудандар
Өткен жылы Шығыс Қазақстан облысында мыс пен алтын өндірісін артқан. Дегенмен, бұл өсім экспорттың төмендеуін тежей алмаған, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бүгін өскеменде өткен жылдың экономикалық көрсеткіштерін қорытындылаған жиын өтті. Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Сәуле Ұлақованың айтуынша, облыстың жалпы ішкі өнімі бір жылда 3,5 трлн теңгені құраған. Өсім алтын және мыс өндірісінде, машина жасау саласында байқалып отыр.
«Ақтоғайдағы жұмыстардың жандануы мыс өндірісін 14 пайызға, Бақыршықтағы кәсіпорынның іске қосылуы алтын өрдірісін 27 пайызға өсірді. Ал машинажасау саласындағы өсім 60 пайызға жетті» - деді Сәуле Ұлақова.
Сәйкесінше, Аягөз, Жарма аудандары мен Өскемен қаласы өнеркәсіп көлемі бойынша алға шығып отыр. Ал 13 аудан жоспарлаған межені қойып, 2017 жылғы көрсеткішке жете алмаған. Көш соңында Зайсан, Бородулиха, Курчатов аудандары.
«Бұл үш ауданның да әлеуеті бар. Сондықтан көрсеткіштерін сын көтермейді деуге болады. Әкімдерінде жұмыс істейін деген ниет жоқ, әйтпесе көш соңында қалатын жөндері жоқ. Бородулиха ауданына келген жаңа әкім олқылықтарды тез арада орнына келтіруі тиіс» - деді облыс әкімі.