KZ
Өскемен
+13°
переменная облачность жел 4 м/с, СБ
479.71 533.77 5.16

«Торпедо» жанкүйерлерін ренжітті

2.12.2018, 16:12 106


«Торпедо» ала-құла ойнап, сүреңсіз нәтижелер көрсетуін жалғастыруда. Жоғары хоккей лигасы тұрақты чемпионатының кезекті турында өз айдынында воскресенскілік «Химикті» қабылдаған өскемендік ұжым 3:5 есебімен жеңіліп қалды.


Бір айта кетерлігі, ойындағы алғашқы жарты сағаттан кейін Мисхат Фахрутдинов шәкірттері 0:3 есебімен жеңіліп жатқан болатын. Бұған торпедолықтар екінші кезеңнің соңында соғылған Евгений Рымаревтің шайбасымен ғана жауап бере алды.


Ал үшінші жиырмаминуттықта командалар бір-бірінің қақпасынан тағы екі реттен саңылау тапты. Бұл жолы «Торпедо» сапында Андрей Белозеров пен Евгений Белухин көзге түсті. Қорытынды есеп 3:5 қонақтар пайдасына.


Осы жеңілісінен кейін 31 ұпай жинаған «Торпедо» жарыс кестесінде бір сатыға сырғып, 15-ші орынға тұрақтады. Келесі кездесуін жерлестеріміз 7 желтоқсан, жұма күні Ижевск қаласында жергілікті «Ижстальмен» өткізеді

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив