KZ
Өскемен
+12°
переменная облачность жел 2 м/с, З
481.84 531.33 5.07

«Торпедо» 2019 жылды жеңіспен бастады

10.01.2019, 09:35 175


Жоғары хоккей лигасы тұрақты чемпионатының кезекті турында қонақта новокузнецкілік «Металлургпен» кездескен Өскеменнің «Торпедосы» қарсыласынан 4:2 есебімен басым түсті.


Бұл ойынның алғашқы екі кезеңі 1:1 есебімен тең аяқталды. «Торпедо» сапында дебютті кездесуін өткізген Андрей Караваевтың шайбасына айдын иелері Семен Ивановтың дәл соққысымен жауап берді.


Ал ойындағы қызықтың бәрі үшінші жиырмаминуттықта орын алды. Алдымен новокузнецкілік хоккейшілер Сергей Барбашевтің көмегімен есепті алға шықты. Бұл кездесудің 43-ші минуты болатын. Дегенмен өскемендік хоккейшілер қалған уақытта таразы басын теңестіріп қана қоймай, жеңісті жұлып әкетті. Айдын иелерінің сол бір нәтижелі шабуылына торпедолықтар қос Андрей – Белозеров пен Караваетің орындауындағы үш шайбамен жауап қайырды. Бұл орайда, Белозеров та, Караваев та дубль авторы атанғанын айтқан абзал. Қорытынды есеп 4:2 өскемендік команданың пайдасына.


Осы жеңісінен кейін 43 ұпай жинаған торпедолықтар турнир кестісінің 18-ші сатысында орналасуда. Келесі кездесуін жерлестеріміз Красноярск қаласында жергілікті «Сокол» командасымен өткізеді. Бұл ойын ертең, 11 қаңтар күні ойналады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив