KZ
Өскемен
+23°
переменная облачность жел 4 м/с, В
478.93 534.96 5.16

«Торпедо» қарсыласынан 4:2 есебімен басым түсті

13.11.2018, 04:46 163


Жоғары хоккей лигасы тұрақты чемпионатының кезекті турында қонақта челябілік «Челметпен» кездескен Өскеменнің «Торпедосы» қарсыласынан 4:2 есебімен басым түсті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Бұл ойынның бірінші кезеңі 1:1 есебімен тең аяқталды. Айдын иелерінің үшінші минутта соққан шайбасына жерлестеріміз араға екі минут салып Кирилл Полозовтың дәл соққысымен жауап берді.


Екінші жиырмаминуттықта өскемендік хоккейшілер тіптен алға шығып кетті. Челябілік команданың нәтижелі шабуылына Мисхат Фахрутдинов шәкірттері екі шайбамен қарымта қайтарды. Көзге түскен – шабуылшылар Евгений Белухин мен Андрей Белозеров.

Ал кездесудің нүктесін 53-ші минутта «Торпедоның» сақа шабуылшысы Талғат Жайлауов қойды. Қорытынды есеп 4:2 өскемендік команданың пайдасына.


Осы жеңісінен кейін 27 ұпай жинаған торпедолықтар турнир кестісінің 14-ші сатысына көтерілді. Келесі кездесуін жерлестеріміз Қорған қаласында жергілікті «Зауралье» командасымен өткізеді. Бұл ойын ертең, 14 қараша күні ойналады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив