KZ
Өскемен
+26°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, ОБ
443.44 480.51 4.88

ШҚО таулы аймақтарында көшкін жүру қаупі күшейіп тұр

18.01.2019, 08:26 194

Бүгін Өскемен – Самар тас жолы бойында профилактикалық қар көшкінін жүргізу жұмыстары өтті.


Осымен бірнеше күн бойы толастамай жауған қар мен құбылмалы ауа температурасы салдарынан облыстың таулы аймақтарында көшкін жүру қаупі күшейген. Осыған байланысты «Қазселденқорғау» мекемесінің мамандары Өскемен – Самар бағытындағы тас жолдың 95-102 шақырымдарында жоспарлы қар көшкінін жүргізу жұмыстарын ұйымдастырды.


«Алдымен полиция қызметкерлері жолды екі жерден жапты. Бұдан кейін қызметкерлеріміз екі нүктеде жарылыс ұйымдастырды. Аталмыш жұмыстардың нәтижесінде тау беткейінен 6 600 текше метр қар түсірілді. Түскен қар жолдың едәуір бөлігін жауып қалды. Дегенмен «Облшығысжол» мекемесі техникасының көмегімен трасса тез арада қардан тазартылды», дейді құтқарушылар.

Аталмыш іс-шараға, сонымен қатар Төтенше жағдайлар комитетінің Шығыс өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағы, кинологтар мен апаттар медицинасы орталығының мамандары қатысқанын айта кеткен жөн.


Апаттың алдын алу жұмыстары ойдағыдай өткеніне қарамастан, құтқарушылар халыққа көшкін жүру қаупі қалың жауған қардан кейінгі 3-5 тәулікте әсіресе жоғары болатынын ескертеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив