KZ
Өскемен
-4°
небольшая облачность жел 3 м/с, В
495.95 524.37 4.98

Қазақстанда бірінші рет ақылы ҰБТ өтіп жатыр

18.01.2019, 05:28 138

Қазақстанда бірінші рет ақылы Бірыңғай ұлттық тестілеу өткізіліп жатыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиеваның айтуынша, қаңтарда 35 838 бала тестілеуден өтеді.


– Бүгін біз тарихи кезеңді бастан өткізіп жатырмыз. Барлық өңірлер таңғы 7:30-да есеп берді - ауыл, аудан, қала, облыстарда барлық балалар ҰБТ тапсыруға кіріскен. Балалар тағы үш рет тапсыра алады. Маусымда тапсыратын ҰБТ жоғарғы оқу орнына грантқа түсуге мүмкіндік береді. Бұл балалар үшін жақсы мүмкіндік. Баланың психоэмоциясы жақсарады, – деді Э.Суханбердиева.


2019 жылдан бастап ақылы ҰБТ жылына төрт рет өткізіледі: қаңтар, наурыз, маусым, тамыз. Төрт тестің де форматы өзгеріссіз. Бұл туралы бұған дейін тарқатып айтқанбыз.


Ал қаңтардағы ҰБТ-ға келсек, құжаттарды қабылдау 2018 жылы 1-15 қаңтар аралығында жүргізілді. Арыз беру нәтижесі бойынша 35 838 адам тестілеуден өтуге өтініш білдірген, оның ішінде қазақ тілінде - 26 615, орыс тілінде - 10 162 және ағылшын тілінде - 61 адам.

Айта кетейік, қысқы тестілеу кезеңі қаңтардың 18-20 аралығында өтеді.


Тестілеуден өткізу үшін ҰБТ ұйымдастыру жөнінде арнайы комиссия құрылған – 444 адам. Мемлекеттік комиссия құрамына облыс немесе республикалық маңызы бар қалалардың әкімдігінің өкілдері, құқық қорғау органдарының өкілдері, қоғамдық ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері бар.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу