KZ
Өскемен
-4°
небольшая облачность жел 3 м/с, В
495.95 524.37 4.98

Аялдамасыз қалған семейліктер қала әкімдігіне наразылықтарын жеткізді

17.01.2019, 03:25 47

Семейдегі Красный Кардон ауданының тұрғындары аялдамасыз қалды. Аялдаманы Мичурин көшесіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізгеннен кейін алып тастаған.


Бұл аялдаманы ауданның бірнеше көше тұрғындары пайдаланып келген. Жүргізілген күрделі жұмыстар барысында аялдаманың тіпті белгісі де қалмаған. Осылайша, тұрғындардың жанына қатты батқан мәселе ушығып тұр. Ал, жақын жердегі аялдамаға жету үшін тұрғындарға екі шақырым жер жүру керек.


-Кәрілік белең алған уақытта жүру деген қиынның қиыны. Енді біз қоғамдық көлікке отыру үшін орман шаруашылығына қарай немесе аурухана жаққа қарай баруымыз керек. Балаларға да қиын. Кешкілік мектептен шыққан бала не жолдан өте алмайды, не жарық жермен жүре алмайды. Өйткені, Боровой көшесінде жарық жоқ, - дейді көше тұрғыны Наталья Обелец.


Күрделі мәселемен әкімшілікке шағымданған тұрғындарға енді Красный кардон аялдамасы Семей орманы резерваты ғимаратына қарай жарты шақырым жерге көшірілді деп жауап берген. Тұрғындардың айтуынша, мұндай ауыстырудың өзіндік қиындықтары бар. Жөндеу кезінде аялдамамен қатар, жаяу жүргіншілер жолағын да алып тастаған.


- Расымен, бұл өзекті әрі қадағалауды қажет ететін мәселе болып отыр. Өйткені, балалар бір жолдан бір жолға өту үшін біраз шақырым жүруі керек. Түрлі жағдайлар да орын алып жатады. Екінші маусымнан шыққан балалар жолдан жүгіріп өтіп, түрлі жайтқа ұрынбасына кім кепіл, - деді №4 мектеп-балабақшасының мұғалімі Светлана Симоненко.


Қала әкімдігінің берген жауабына сүйенсек, бұл учаскінің жүретін бөлігі әлі жөнделмеген. Көктем мезгілінде бұл аудан бірден қолға алынып, аялдама қайтадан бұрыңғы орнына қойылатын болады деп сендірді.


Сая СЕМЕЙ

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу