Өскеменде қоғамдық көліктер соқтығысып, жолаушылар жарақат алды
Қаладағы қоғамдық көліктердің соқтығысуының салдарынан төрт жолаушы зардап шекті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Оқиға кеше түсткі уақытта Тәуелсіздік даңғылында болған. №33 автобустың жүргізушісі қауіпсіз ара қашықтықты сақтамай, № 228 бағытындағы ГАЗель маршруткасына соғылады.
Нәтижесінде маршруткада отырған төрт жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізіліп отыр.
Аталған факті бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Оқи отырыңыз