KZ
Өскемен
+25°
переменная облачность жел 6 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Өскеменде қоғамдық микроавтобус бойжеткенді қағып кетті

10.10.2018, 10:50 129

Облыс орталығындағы реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде кезекті жол-көлік оқиғасы орын алды. Қала ішінде жолаушы тасымалдайтын қоғамдық микроавтобус жас қызды қағып кетті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Оқиға Тәуелсіздік даңғылында болған. Қалалық ІІБ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 33 жастағы жүргізуші жаяу жүргіншіге жол бермеген.


Салдарынан 19 жастағы бойжеткен ауыр жарақат алып отыр. Ол бірінші қалалық ауруханаға жатқызылыпты. Жүргіузшіге қатысты Қылмыстық кодекстің сәйкес бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив