KZ
Өскемен
+18°
переменная облачность жел 4 м/с, С
447.25 485.18 4.96

Өскемендегі «Спорт сарайы» аялдамасында wi-fi желісі бар павильон салынады

11.01.2019, 04:29 209

Өскемендегі «Спорт сарайы» аялдамасында wi-fi желісі бар жаңа павильон салынады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Қазір аялдамада тұрған 9 метрлік павильонды бөлшектеу жұмыстары басталды. Оның орнына 13 метрлік павильон тұрғызылмақ. Стандартты орындықтар мен жылыту құрылғыларынан басқа, жаңа павильонда ұялы құрылғыларды зарядтауға арналған розеткалар мен тегін, сымсыз Интернет-байланыс орнатылады.


Құрастыру жұмыстары 20 қаңтарға дейін аяқталады деп жоспарланып отыр.


– Ескі павильон Виноградов көшесіндегі «Ивушка» аялдамасына ауыстырылады, – деп мәлімдеді қала әкімінің баспасөз қызметі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив