KZ
Өскемен
+22°
ясно жел 3 м/с, СБ
481.19 538.45 5.18

Адыраспан құрамында есірткі бар өсімдіктер тізімінде

plantarium.ru

2.06.2024, 23:00 123 Назерке Каримова

Ресейде "гармала" ("адыраспан") тыйым салынған өсімдіктер тізіміне енгізілді.

Оны РФ шекарасынан өткізгендерге жаза қатаң, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР Бас прокуратураның ақпаратына сүйеніп.

Ресей Федерациясының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "гармала" ("адыраспан") өсімдігі құрамында есірткі немесе психотроптық заттар немесе олардың прекурсорлары бар өсімдіктер тізіміне енгізілген.

- Бұл өсімдікті Ресей Федерациясының мемлекеттік шекарасы арқылы заңсыз өткізгені үшін 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру және 1 миллион рубльге дейінгі немесе сотталған адамның 5 жылға дейінгі кезеңде жалақысы немесе басқа кірісі мөлшерінде айыппұл түрінде немесе онсыз және 1 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеумен немесе онсыз қылмыстық жауаптылық қарастырылған, ал өсімдікті аса ірі мөлшерде әкелгені үшін - 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген, - деп ескертеді ҚР Бас прокуратурасы.


Ресей Федерациясының аумағына демалыс кезінде кететін азаматтар санының артуына байланысты қылмыстық жауапкершілікті болдырмау үшін Бас прокуратура азаматтарға аталған өсімдікті Ресей Федерациясының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізуден бас тартуды ескертеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив