KZ
Өскемен
+22°
ясно жел 3 м/с, СБ
481.19 538.45 5.18

«Жер-2024»: Шығыста ауқымды оқу-жаттығу басталды

3.06.2024, 09:41 129

«Жер-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы төтенше жағдайлар вице-министрі Ерлан Нұрпейісовтің басшылығымен өтіп жатыр. Оқу-жаттығуды үйлестіру жөніндегі республикалық штаб Шығыс Қазақстан облысының орталығында орналасқан, деп хаарлайды Altainews.kz тілшісі.

Ауқымды оқу-жаттығуға облыс әкімі Ермек Көшербаев, сонымен қатар министрлік пен ведомство базасында құрылған барлық республикалық азаматтық қорғау қызметі, жергілікті атқарушы органдар, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия, азаматтық қорғау қызметінің және бейінді бөлімшелердің мамандары қатысуда.

Мемлекеттік азаматтық қорғау жүйесінің басқару органдары мен күштерінің функционалдық міндеттерді орындау жөніндегі іс-қимыл жоспарлары нақтыланды. Жер сілкінісінің салдарын жою бойынша жұмыстардың тәртібі мен көлемі айқындалып, төтенше жағдай енгізу туралы құжаттар дайындалды. Жойқын жер сілкінісі болған жағдайда төтенше жағдай болған аймаққа еліміздің басқа өңірлерінен күштер мен құралдар жіберу тәртібі қаралды.

Жаттығудың бірінші күні жер сілкінісі қаупі туындаған кездегі бірінші кезекте жүргізілетін шаралар пысықталады. Құтқару қызметтерінің бірлескен іс-қимылдарын пысықтау және үйлестіру үшін республикалық далалық штаб орнатылды.

Оқу-жаттығу екі күнге созылады.

Фото: ҚР ТЖМ

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив