Өскеменде пара алған бірнеше полиция қызметкері ұсталды
t.me/POLICE_of_KZ
Жүйелі түрде пара алып келген ішкі істер органдарының қызметкерлеріне жалпы сомасы 22 млн теңге айыппұл салынды.
Айыппұлды белгіленген мерзімде өтемесе, бас бостандықтарынан айырылады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ақпаратына сүйенсек, Өскемен қаласының соты қалалық басқарманың әкімшілік полиция бөлімінің бастығы және басқа адамдарға қатысты пара алу фактілері бойынша үкім шығарды.
Айыппұлдардың жалпы сомасы 22 млн теңгеден асты.
ҚР ҚК 41-бабына сәйкес айыппұл белгіленген мерзімде төленбеген жағдайда жаза шарасы бас бостандығынан айыруға ауыстырылады.