KZ
Өскемен
+10°
небольшой проливной дождь жел 2 м/с, В
441.44 473.09 4.75

Скринингтік тексеруден неше жастан бастап өтуге болады?

7.01.2019, 09:24 735

Жыл сайын еліміздің әр тұрғыны жас санатына байланысты өзі бекітілген емхана мен ауруханадан скринингтік тексеруден өтуі тиіс. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, биыл скиринингтік тексеруден өтудің жас категориясы мен тәртібінде өзгеріс жоқ, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Скрининг тексеруден өту кепілдендірілген тегін жүргізілетіндігін естеріңізге сала кетейік. Скринингтен өту арқылы қатерлі аурулардың асқынып кетуінің алдын алуға болатындығын ұмытпаңыз. Медициналық тексеру тізіміне қан айналымы жүйесі аурулары – жүректің ишемиялық ауруы, артериалды гипертония, қант диабеті, глаукома және онкологиялық аурулар – сүт безі обыры, жатыр мойны обыры, тоқ және тік ішек обыры енгізілген.


Ерлер және әйелдер қатерлі ісікті ерте анықтау мақсатында төмендегі жас санаты бойынша тексеруден өте алады.


- Жатыр мойнының ісігін ерте анықтау санатына 30-70 жастағы ( 1949-1989 жылдар аралығында туған ) әйелдер кіреді. Бұл тексеруден төрт жылда бір рет өту қажет.


- Сүт безі қатерлі ісігін ерте анықтау санатына - 40-70 жастағы әйелдер кіреді. Олар скринингтен екі жылда бір рет өтулері тиіс


- Тік ішек пен тоқ ішектің қатерлі ісігін ерте анықтау санатына 50-70 жас аралығындағы ерлер (1949-1969) кіреді. Бұл тексеруден жылына бір рет өту қажет.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив